"Үкімет халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда экологиялық салықтарды енгізу туралы ұсынысты жасауы керек", - деді Н. Назарбаев.
Президент "Шетелдік инвесторлар Кеңесінің мүшелерінен осыған байланысты заң жобаасын жасауға атсалысуын сұраймын",-деді.
"Біз кәсіпкерлердің өз бизнестерінің экологиялық жағын жақсарту үшін, оларды ынталандыратын арнайы жағдай туғызуымыз қажет. Бұл жерде бүгінгі күннің құралдарын пайдалану қажет, соның қатарына экономикалық қолдау мүмкіндігі де енеді", - деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті