Президент үкіметке жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылдауды тапсырды

"Елбасы үкіметке жолдағы қауіпсіздікті арттыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қарастырып, қабылдауды тапсырды",-деді О.Түсімов.

Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында айтылғандай, "президент , жол апатынан адам шығының күрт өскенін ерекше атап өтті. Бұл түбегейлі және нақты шешім қабылдауды талап етеді".

Құжатта "осыған байланысты, Елбасы ІІМ мен әділет министрлігіне заңдылықтарға тиісті өзгертулер енгізу мәселесін талқылауды жүктеді",-делінген.

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей "енгізілетін өзгерістер жол ережесін бұзған көлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға, жол ережесін бұзғандарды республика көшелерінде қолданылып жүрген қазіргі заманғы жабдықтармен анықтауға қатысты болады. "Сонымен қатар автокөліктердегі түсті және дыбысты сигнал жабдықтарын дұрыс қолданбағаны үшін де жаза енгізілетін болады".

О.Түсімов атап өткендей, президент автокөлікті мас күйінде немесе есірткі шегіп алып жүргізуге қатаң шара қолдануды тапсырды. "Мас күйінде көлік жүргізгені үшін екі жылға көлік жүргізу құқығынан айрылады, екінші мәрте заң бұзушылыққа барса - 5 жылға, үшінші мәрте - өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айрылатын болады",-деді жол полициясының басшысы.

Сонымен қатар , білім және ғылым министрлігіне ІІМ мен денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесе отырып "жүргізушілірді міндетті оқыту және шұғыл медициналық жәрдем көрсеті бағдарламаларын жасап, орта білім беру жүйесіне 2007 жылдан бастап енгізу жүктелді". "Сонымен , көлік жүргізуді мектеп қабырғасынан кейін оқудың қажеті болмайды",-деді О.Түсімов.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, "жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін жүйелі шешу үшін аймақтардағы әкімдер тиісті аймақтық бағдарлама әзірлеуі тиіс".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті