Президент Ұлттық банктің іс-қызметін жетілдіру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Бұдан бұрын да хабарлағанымаздай, заң арқылы үш блок өзгерістер енгізу қарастырылған.

Бірінші блок 2005-жылы бекітілген Ұлттық қор қаржысын жинақтау мен пайдалану жөніндегі орта мерзімді тұжырымдамаға байланысты. Онда ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды мұнайдан басқа салалардан түскен түсімдерден қаржыландыру; Ұлттық қорды қалыптастыру көздерін мұнай саласындағы бірқатар кәсіпорындардан түсетін түсімдермен толықтыру және оларды Ұлттық қорға тікелей аудару; Ұлттық қордан бөлінетін кепілді трансфертті тек бюджеттік даму бағдарламаларына ғана бағыттау көзделген.

Өзгертулердің екінші блогы инвестициялық жобаларға қойылатын талаптарды күшейтуге, мемлекеттік , салалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес келетін негізді жобаларды ғана қаржыландыруға бағытталған.

Үшінші блок бюджетті жоспарлау процедураларын жетілдіруге, бюджет қаржысын мен оның орындалуын қадағалауға бағытталған.