"Екінші мәселе - мемлекеттік тапсырыстардың бөлінісі. Мұнда әсіресе, ұлттық компаниялардың әлеуетін барынша пайдалану керек. Олар қыруар қаржыны осы мемлекеттік тапсырысқа жұмсайды, оның ішінде де отандық өнім өндірушілердің үлесі болмашы ғана. Мұнымен қазір ешкім айналыспай отыр. Үкімет пен Самұрық осы мәселені мықтап қолға алсын. Олар өңдеу өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік жасауы тиіс. Әрбір келісім шарт отандық өндіріске бірінші кезекте мүмкіндік қарастыруы қажет",- деді президент.