"Мемлекет басшысының қаулысымен Қырғызбаев Болат Исатайұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры болып тағайындалды", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тиісінше, президент қаулысымен Болат Зәкиев Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.