Заң жобасында шетелдіктерді ішкі істер мекемелерінде тіркеу және айрықша үлгідегі көші-қон карточкасын беру арқылы легализациялау қарастырылған.
Заңға сәйкес, легализацияланған еңбек мигранттары мен оларға жұмыс берушілер туралы мәліметтер арнаулы реестрге енгізілмек. Заңда аталмыш құжат нормаларының әсері аясына қамтыла алмайтын тұлғалардың тізімі айқындалған.