Президент зейнетақы қамтамасыздығы туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Түзетулер ел президентінің, судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдемелерін күшейту мақсатындағы соттардың IV сьезінде жасаған баяндамасында көрсетілген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін енгізілген.

Заңға сәйкес, судьялардың зейнетақы қорларына айлық табыстарының 10% көлемінде республикалық бюджеттің есебінен қосымша міндетті зейнетақылық жарна белгілеу қарастырылған.

Бұл заңды жүзеге асыру шығындары 2007-жылдың бюджетінде қарастырылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті