Президент жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Заң жеке баспана құрылысын кең көлемді дамытуға ынталандыру, кірісі ипотекалық несиелендіру жүйесі шеңберінде баспана сатып алуға мүмкіндік бермейтін азаматтар үшін тұрғын үй жинақтары жүйесін одан әрі дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ, жалға берілетін бспана рыногын дамытуға бағытталған.

Заңды қабылдау жергілікті атқарушы органдарға жалпы тұрғын үй қорындағы мемлекеттің үлесін арттырмай-ақ тұрғындардың белгілі бір санатының баспана тауқыметтерін шешуге мүмкіндік береді.