"Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының және оның Елордасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталатын "Астананың 10 жылдығы" мерекелік медалі тағайындалды", - деп көрсетілген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, медаль туралы ережеге сәйкес бұл наградаға алғашқылардың қатарында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері ие болды.