«Мемлекет басшысы алдағы уақытта қазақстандық судьялардың қызметі сапалы деңгейге көтерілуі тиіс екендігін атап өтті», - деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, ЖС төрағасы елбасының VI судьялар құрылтайында берген тапсырмаларының орындалу барысы, сот өндірісін жеңілдету, сот қызметіндегі қағазбастылықты төмендету, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және сот әділеттелігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жайлы баяндап берді.
Сонымен қатар, төраға Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасын әзірлеу жұмыстарының барысы туралы да сөз етті.
Кездесу соңында Н.Назарбаев еліміздің сот жүйесін дамыту мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді.