Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін банктер туралы жаңа заң шығару туралы тапсырма берді
Себебі біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржы тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді. Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді тәсілдерін барынша табу қажет. Енді бұл мәселені созуға болмайды. Шұғыл шешу қажет. Осы бағыттағы маңызды қадам – технологиялық өзгерістер мен экономиканың қажеттіліктерін ескеретін банктер туралы жаңа заң қабылдау. Ол заң бәсекелестікті күшейту жолдары мен нарыққа жаңа қатысушыларды тартуды ескеруі тиіс, - деді Президент.