Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ассоциация шығарған ескерткіш белгі ел дамуына, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Бауыржан Момышұлының мұрасын таратуға қосқан үлестері үшін танымал мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тағайындалады.
"Мемлекет басшысының көмек күшінің арқасында Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағы берілген болатын", - деді Б.Смағұл журналистерге берген брифингте.
Ол президентпен кездесу барысында сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісіне қатысу мәселесінің, ауған соғысы ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуы, Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылуының 20 жылдығына қатысты мәселелердің талқыланғанын атап өтті.