Caravan Logo

Президентті ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Президентті ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

"Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді", - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.