Президенттік "Болашақ" шәкіртақысын алуға қазіргі жағдаймен 125 өтініш түсті

Б.Әйтімованың айтуынша, министрлікте 20-сәуірде шәкіртақыдан үміткерлерден құжат қабылдау шарасы басталды. "Соған сәйкес Алматы мен Астанадағы шұғыл телефондар бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіліп жатыр". "31-мамырдағы жағдаймен 125 құжат түсіп, олардың 98-і қабылданып, 27 іс толықтыруға жіберілді",- деді ол.

"Елбасының жарлығына сәйкес республикалық комиссия туралы ережелерге өзгерістер енгізіліп, комиссияның құрамы өзгертілді. Шәкіртақыдан үміткерлерді іріктеу ережелерін жасап бекіту - үкіметке міндеттелген",- деді министр. Б.Әйтімова "қазір бұл ережелер министрліктің сайтында жарияланды" деп мәлімдеді.
"Сонымен бірге біз Семей, Павлодар, Алматы, Ақтөбе және Қарағандыда қосымша ақпараттық тұсаукесер шараларын ұйымдастырдық",- деді ол. Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық ұйымдар мен Италия, Польша, Германия, Франция және Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен кездесулер өткізілді,- деді Б.Әйтімова.
Министрдің ақпаратына сәйкес "Болашақ" бағдарламасын жүзеге асыру шараларын ұйымдастыруға 127 млн. 835 мың теңге аударылды".