Президенттік клиниканың дәрігері коронавирустан қайтыс болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"2020 жылдың 12 шілдесінде коронавирустық инфекциядан біздің әріптесіміз, адал досымыз әрі тамаша дәрігер Павел Иванович Шолох 54 жасында қайтыс болды. Президенттік клиника Павел Иванович Шолохтың туған-туыстары, жақындары мен достарына көңіл айтады", - делінген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Facebook желісіндегі парақшасында.


Павел Шолох медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты уролог-дәрігер, Президенттік клиниканың Ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі болған