Президенттік науқанға Дональд Трамптың қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды


Бұл туралы БАҚ АҚШ Федералды сайлау комиссиясына миллиардер ұсынған қаржы есебіне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ президенттігіне кандидатурасын ұсынғаннан бастап Республикалық партиядан екі қарсыласы праймеризге қатысудан бас тартқан мамыр айының басына дейін Трамп шамамен $56 млн жұмсады, деп хабарлады РИА Новости.