Президенттік орынтақтан тағы бір үміткер қазақ тілінен емтихан тапсырды



"Жалпы алғанда комиссия оң баға берді",- деді С.Өтен емтиханнан кейін өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында.
Саяси пікір-көзқарасы туралы журналистер сауалына С.Өтен "қазіргі билікке мүлдем кереғар оппозициялық көзқарастағы адаммын" деп жауап берді. "Қазіргі жүргізіліп жатқан тірліктерді мүлдем қолдамаймын",- деді ол.
"Дәстүр" ЖШС- нің төрағасы болып табылатын Алматы қаласының тұрғыны С.Өтен Қазақстан президенттігінен үміткер ретінде тіркеу туралы өтінішті ҚР Орталық сайлау комиссиясына 13-қыркүйекте тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті