Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ол 27-қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясына президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы өтініш берді.
70 жастағы Алматы тұрғыны, тарих ғылымдарының кандидаты Кәрішал Асан-Ата өз бетімен ат ұсыну арқылы мемлекет басшысы болуға ниет білдіріп отыр.
Журналистерге берген сұхбатында Кәрішал Асан-Ата өзінің кандидатурасын "Қазақ мемлекеті" Қазақстанның халықтық фронты қолдайтынын хабарлады.
Өздеріңізге мәлім, Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанында өтеді.