Президенттік орынтақтан үміткер Рахымжанов қазақ тілінен емтихан тапсырды



"Мен қазіргі президентті қолдамаймын. Бірақ Тұяқбаймен де біріккім келмейді. Бұған дейін Тұяқбайды жақтағаным рас. Дегенмен, оның айналасындағы адамдардың халық туралы емес, тек өздерінің мәнсабын ғана ойлайтынына көз жеткіздім",- деп мәлімдеді Б.Рахымжанов журналистерге.
Ол президенттіктен үміткер ретінде өз бетімен ат ұсынатыны туралы өтінішті ҚР Орталық сайлау комиссиясына 20-қыркүйекте тапсырған.
60 жастағы Б.Рахымжанов Алматы қаласының тұрғыны болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті