"Қазақ тілімен шұғылдануға күн сайын мұрсат шыға бермейтіндіктен, емтихан тапсыру қиынға соқты",- деді М.Тілеулесов.
Ұстаным-көзқарасы туралы журналистер сауалына жауап берген М.Тілеулесов "қазіргі билікті де, оппозицияны да қолдамайтынын" білдірді.
ҚР президенттігінен үміткер ретінде ат ұсыну туралы өтінішті ол Орталық сайлау комиссиясына 17-қыркүйекте тапсырған.
55 жастағы М.Тілеулесов Алматы облысының Қарасай ауданы Каменка ауылында тұрады. Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті