Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy - на сілтеме жасап. Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құжат қабылдау 1 маусымда басталды
1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында жастар резервіне қатысу үшін өтінім беру басталды. Бұл жоба — дарынды жас мамандарға арналған әлеуметтік лифт, яғни мансаптық өсуге мүмкіндік беретін әділ әрі ашық жүйе.
Өтінім қабылдау мерзімі:
Қатысу талаптары қандай?
Резервке үміткер бола алатын азаматтар:
Сала таңдау еркіндігі бар
Кандидаттар төмендегі 6 бағыттың бірін таңдай алады:
Әрбір салаға жеке квота белгіленген. Үміткерлердің салалар бойынша теңдей бөлінуі қамтамасыз етіледі.
Іріктеу қалай өтеді?
Кандидаттар 6 кезеңнен өтеді:
Финалистердің тізімі 25 қазанда белгілі болады.
Президенттік жастар резерві не үшін қажет?
Бұл жоба алғаш 2019 жылы басталған. Содан бері резервке өткен жастар мемлекеттік басқару мен ұлттық компанияларда жетекші лауазымдарға тағайындалып келеді. Жоба жас кадрларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға мүмкіндік береді.