«Әділетті әлеуметтік қоғам құру» туралы партия ұстанымы кеңінен мұнда да сөз етілді. Тек бұл жолы жиынға негізінен тамақ өндіруші кәсіпорын қызметкерлері жиналған. Сондықтан коммунистер қозғаған мәселе де отандық азық-түлік саласы жайында болды. Әсіресе, сапа төңірегінде. Сыздықовты бүгінгінің азығы – фаст-фудтың қаптауы қатты алаңдатады екен. Бұдан бөлек, штаб кездесу барысында қазақ мәдениетінің бір саласы – кинематографияның жайын да біраз қозғады.
Тұрғын Сыздықов, ҚР Президенттігіне үміткер:
-Жалпы, Батыстың кемшіліктерін мәдениет саласында көруге болады. Мысалы, кинематографияны алайықшы. Ондағы барлық стандарттар зорлық-зомбылыққа, азғындыққа тәрбиелейді. Тек осының өзі ғана батыстық өркениеттің дамуына көлеңке түсіріп отыр.
Loading...