Белсенділігі артқан Орталық сайлау комиссиясы науқанның ережелерін түсіндіре бастады. Соған сәйкес, таққа таласатындар алдымен 93 мың адамның қолын жинап өткізуі қажет. Сайлауға партия атынан немесе жасы 40-тан асқан, соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрған мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін кез-келген адам өзін өзі ұсына алады. Бүгін кандидаттардың қазақ тілін қаншалықты меңгергенін тексеретін лингвистикалық комиссияның да құрылатыны айтылды. Оның құрамы жақын арада жасақталуы тиіс. Қазіргі таңда халықаралық бақылаушыларды тіркеу басталып кетті. Ол 20 сәуірге дейін созылмақ.
Loading...