ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сайлауға қатысуға ниет білдірген 18 адамның 13-і естихан тапсырды. "Жұмыс барысында лингвистикалық комиссияға ешбір қысым жасалған жоқ",- деп мәлімдеді Ф.Оразбаева.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін 3-қазанда президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну шарасы аяқталады. Бүгін, 2005-жылдың 3-қазанында үміткерлерді тіркеу шарасы басталып, сайлауға 40 күн қалғанда, яғни, 2005-жылдың 24-қазанында аяқталады. Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанына белгіленді.
i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті