Президенттіктен үміткер Назарбаевты қолдау жөніндегі штаб Тұяқбайдың сайлауалды штабында шыққан өрттің себептерін мұқият тексеруді талап етеді



"Егер қасақана өртеп жіберу дерегі анықталып жатса, онда ІІМ-нің қызметкерлері қылмысқа тапсырыс берушілер мен оны іске асырушыларды тез арада анықтауға тиіс. Бұл сайлау алдындағы қарбалас науқанға көлеңкесін түсіретін осындай арандатушылық әрекетке алдағы уақытта жол бермеуге көмектеседі",- делінген республикалық қоғамдық штабтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
"Президенттіктен үміткер Назарбаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб барлық үміткерлер үшін бірдей жағдайда әділетті, ашық әрі адал сайлау өткізуге бұлтарыссыз шешім қабылдағанын дәлелдейді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті