"Мен өзімді жақтаушылардың қолын жинаудан бас тартуды ұйғардым. 9 күнде 86 мың дауыс жинау мүмкін емес",- деп мәлімдеді Кәрішал Асан Ата журналистерге.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ол 27-қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясына президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы өтініш берді.
70 жастағы Алматы тұрғыны, тарих ғылымдарының кандидаты Кәрішал Асан-Ата өз бетімен ат ұсыну арқылы мемлекет басшысы болуға ниет білдірген болатын.
Сөйтіп осымен екінші үміткер сайлауға қатысудан бас тартып отыр. Бұған дейін Жақсыбай Бәзілбаев президент сайлауына қатысудан бас тартатынын мәлімдеген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті