Алайда, емтиханға кіріп шыққан 63 жастағы Т.Жамбылов сынақ қорытындысын білмейтінін хабарлады. "Мен ештеңе білмеймін. Шешімді комиссия қабылдайды",- деді ол.
Журналистерге берген сұхбатында Т.Жамбылов оппозиция қатарына жатпайтынын жеткізді. Президенттік орынтақ үшін додаға "дүниежүзіне Қазақстанда демократия бар екенін дәлелдеу" ниетімен түскелі отырмын, деді ол.
Алматыда тұратын Т.Жамбылов - Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Өздеріңізге мәлім, Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанында өтеді.