Президенттіктен үміткерлердің саны 10 адамға жетті

Бүгін, 20-қыркүйекте Алматы облысы Талғар қаласының 43 жастағы тұрғыны Майя Қарамаева президенттік додаға түсуге өз бетімен ат ұсынушы ретінде ниет білдірді.
Сондай-ақ, бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан фермерлерінің "Қазагро" ұлттық федерациясының президенті Балтабай Рахымжановтан президенттіктен үміткер ретінде өз бетімен ат ұсынатыны туралы өтініш келіп түсті.
Б.Рахымжанов 1945-жылдың 15-мамырында туан, Алматы қаласында тұрады.
Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясына "Отан" Республикалық саяси партиясы" қоғамдық бірлестігінің атынан қазіргі президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, "Әділетті Қазақстан үшін" Демократиялық күштер блогы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан Жармахан Тұяқбайдың кандидатурас ыұсынылса, сенат депутаты Уәлихан Қайсаров пен Алматылық кәсіпкер Сәлім Өтен, қоғам қайраткері Амантай қажы Асылбек, Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Мекемтас Тілеулесов, мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов, Ақтөбелік жұмыссыз әйел Мейрамкүл Қожағұлова өз бетімен атын ұсынды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс ҚР президентінің кезекті сайлауы 4-желтоқсанда өтеді деп жариялады. Сайлауды өткізуге қатысты негізгі шаралардың жоспарына сәйкес, президенттіктен үміткерлерді тіркеу 3-қазанда, яғни, сайлау басталардан екі ай бұрын аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті