Мұхтар Құл-Мұхаммед 44 жаста. Ол С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1992-1999-жылдарда "Атамұра" корпорациясының президенті болды. 1999-жылдың қараша айы мен 2001-жылдың мамыр айлары аралығында ҚР парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды. 2001-жылдың мамыр айында ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі болып тағайындалды. Соңғы уақыттарда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы болып табылады.