Президенттің бұйрығымен Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры тағайындалды

Б.Сұлтанов 1974-жылы ҚазМУ-нің тарих факультетін бітірген. 1995-2000-жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы және елшіліктің кеңесшісі болып істеді. 2000-2001-жылдарда Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саясат және халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі, директордың кеңесшісі, институт директорының бірінші орынбасары жұмыстарын атқарды. 2001-жылдың сәуір айынан бері "Сыртқы саясат және талдау орталығының" директоры қызметін атқарды.

Бұған дейін Қазақстан президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры болып істеген Мәулен Әшімбаев мамыр айында ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды.