Caravan Logo

Президенттің өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды

Президенттің өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды

Атап айтсақ, президенттің өкімімен Жомарт Амангелдіұлы Әбиесов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды;

Серікжан Зиаданұлы Қанаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды және ол бұрын атқарған қызметінен босатылды;

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды;

Бақыт Қамалбекқызы Есекина Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 5-тармағына сай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаевтың өкілеттігі тоқтатылды.