"Дінаралық шиеленістер мен дінаралық диалогтың ғаламдық сипаты БҰҰ-ның таяудағы бір жылды Халықаралық діни және мәдени толеранттылық жылы деп жариялауына мүмкіндік береді. Бұл бастаманы қазіргі дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттер қолдайды",- деп мәлімдеді Қазақстан президенті.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, "2007-жылы Қазақстандағы бір негізгі телеарналардың бірінде "дін сағаттары" өткізіле бастайды. "Осы залдағы адамдардың беделін ескере отырып, мен сіздерді өз елдеріңіздің үкіметтеріне осыған ұқсас дүние жасау жөнінде өтініш білдіруге шақырамын",- деді ол сьезге қатысушыларға.
Қазақстан президенті Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерін еліміздегі Бейбітшліік пен келісім сарайында жыл сайын дәріс оқуға үндеді. Оның пікірінше, мұндай дәрістер "Еуразиядағы бірегей әрі жарқын рухани құбылыс болмақ".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті