Президенттің парламенттегі өкілдігіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан президентінің парламенттегі өкілдігі жетекшісі қызметіне Қайрат Нұрпейісов тағайындалды.


           Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
           55 жастағы Қ.Нұрпейісов бұрын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Павлодар облысының әкімі қызметтерін атқарған.
           Ал, өкілдіктің бұрынғы басшысы Асқар Бейсенбаев тамыз айының соңында сенат депутаты атанған болатын.