Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше мемлекет басшысы Павлодарда екі ірі өнеркәсіп орнының - "Қазақстанның электролиз зауыты" АҚ мен "KSP Steel" ЖШС-нің ашылу рәсіміне қатысты.
Қазақстанның электролиз зауыты таза алюминий, ал KSP Steel еліміздің мұнайгаз секторына арнап түрлі диаметрлі құбырлар өндіреді. Президенттің атап көрсеткеніндей, "бұл "30 корпоративтік көшбасшы" мемлекеттік бағдарламасының аясында бірінші жүзеге асырылған екі жоба.
Электролиз зауыты еліміздің металлургиялық кластерінің шешуші элементі болмақ. Зауыт құрылысына $850 млн көлемінде инвестиция жұмсалады. Кәсіпорынның жобалық құны - жылына 250 мың тонна алюминий құймасына тең.
Президент соңғы рет елімізде осындай ауқымдағы кәсіпорынның 20 жыл бұрын салынғанын атап өтті. "Павлодарда, қала берді тіпті Қазақстанда мұндай кәсіпорын болған жоқ", - деді Н. Назарбаев.
"Мен 30 корпоративтік көшбасшы туралы айтқанда, дәл осындай кәсіпорын туралы айтқан едім", - деді президент. Сонымен бірге Н. Назарбаев "алюминийге қашан да сұраныс бар және оның бағасы өсе түседі",- деді.
Болаттан құбыр шығару зауытының жобалық қуаты жылына 270 мың тоннаға жетеді. Жоба құны - 140 млрд. теңге.
Президенттің сапары барысында өңірдегі ауылдық округ әкімдеріне 100 жаңа трактордың кілттері табыс етілді.
Сонымен бірге, мемлекет басшысы Павлодардың "Усольский" ықшамауданында жуырда салынған қазіргі заманғы балабақшада болып, "Нұр Отан" партиясының жергілікті филиалының атқамінерлермен кездесті. Н. Назарбаев Павлодар облысының әлеуметтік-экомикалық дамуына жоғары баға берді. "Павлодар кешікпей еліміздің металлургиялық зауытына орталығына айналатын түрі бар", -деді президент. "Мұнда қазіргі заманғы жаңа зауыттың ашылуы еліміздің тәуелсіздігінің арқасы, біз жүзеге асырып жатқан бағдарламалардың жемісі, біздің адамдарымыздың ерлігінің, халықтар арасындағы келісім мен топтасудың арқасы", -деді Н. Назарбаев.