"Неге рулі оң жақта орналасқан автокөліктерді Еуропада, АҚШ та ешкім сатып алмайды? Неге десеңіздер, олар да біз сияқты жолдары оң жақты автокөліктерге бейімделген Үндістан, Австралия немесе Жапония емес",-деп мәлімдеді президент.
Сонымен қатар, "бізге екінші нарықтағы көліктер жіберіледі, яғни пайдаланылған, ескірген машиналар". "Менің ойымша, біз онымен күресуіміз қажет",-дейді елбасы.
"Бұл ретте мәселе көпшіліктің пайдасына шешіледі. Үкімет дұрыс шешім қабылдады. Бірақ біз жүргізушілерге көліктерінен құтылуға немесе тізгінін сол жаққа ауыстыруға уақыт береміз",-деп атап өтті Н.Назарбаев.
Елбасы атап өткендей, Қазақстанда рулі оң жақта орналасқан 150 мың автокөлік бар. Оның мәліметінше, 2006 жылдың өзінде оң жақты көліктерден болған 793 жол апаты тіркелген,соның салдарынан 240 адам көз жұмып, 1040 адам зардап шеккен. Осы жылдың үш айында 152 жол апаты тіркелсе, 48 адам мерт болып, 170 адам жарақаттанған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті