Президенттің Қытайға сапарынан не күтіледі - Мемлекет басшысының көмекшісі айтып береді


Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі Қытайға алғашқы сапары болмақ. Бұл кездесу ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жеке байланыс орнатуда және Қазақстанның сенімді ынтымақтастықты дамытудағы мүддесін есепке ала отырып, екі жақты байланысты нығайту тұрғысынан маңызды болып табылады. 

Қазақстан Президентін Қытайда не күтіп тұр? Алда қандай маңызды кездесулер мен келіссөздер бар? Қандай құжаттарға қол қойылуы тиіс? ҚР мен ҚХР арасындағы өзара байланыстың деңгейі қандай? Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің халықаралық қатынастар жөніндегі көмекшісі Мұрат Нұртілеуовтің «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатынан оқыңыздар.