"Аталмыш кеңесте 10-қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында президент алға қойған тапсырмаларды орындауға бағытталған өзара ықпалдастық шаралары мен күш-жігерді үйлестіру мәселелері қаралады",- деді К. Мәсімов. Ол осы жиналыстың алдында әкімдердің аймақтардағы өзекті мәселелер туралы есебі тыңдалатынын айтты.
Сонымен қатар, премьер-министр үкіметтің барлық мүшелеріне қаңтардың 15 мен 22 аралағында өз мекемелерінде алқа мәжілістерін өткізіп, онда ағымдағы жылғы міндеттер мен 2006 жылы атқарылған жұмыстарының есебін тыңдауды тапсырды. "Барлық алқа мәжілістеріне мен өзім қатысам",- деді К. Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті