"Мемлекет басшысының халықпен диалогы ойдағыдай өтті деп санаймын",- деді Н.Әбіқаев. "Халқымыз елде болып жатқан оқиғаларға үлкен қызығушылықпен мән беруде",- деді ол.
Сенатор Эмери де Монтескью президенттің тікелей эфирде көрермендер сауалына жауап беруіне таңданыс білдірді. "Бұл өте ауыр жұмыс әрі ауыр сынақ. Ол ахуалдан толыққанды хабардар болуды талап етеді",- деді ол. "Оның үстіне үш сағат бойы үздіксіз сұхбат жүргізу - ел басқаратын адамның қабілет-қарымын паш етсе керек",- деді сенатор.
"Өз басым орыс тілін жеттік білмеу салдарынан президенттің сөзін толық тамашалай алмағанына өкінемін",- деді Эмери де Монтескью.