Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасын кім жүргізетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Адамдар арасында кез келген мемлекеттік лауазымды тұлғаның әлеуметтік желілердегі парақшаларын көмекшілері немесе баспасөз қызметі жүргізеді деген жаңсақ пікір бар. Жоқ, Президент Twitter-де ұсыныстарын, халыққа үндеуін өзі жазады. (...) Берген тапсырмаларын да өзі жазып шығарады", - деді Берік Уәли "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Бұған дейін Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық БАҚ-қа неге сирек сұхбат беретіні туралы сұраққа жауап берген еді.