Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік ұйымдарда басшылық лауазымдарға тағайындалуға тыйым салынады - Тоқаев

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында айтып берді.

"Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік сектор мен мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарға орналасуға тыйым салынады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ ОСК, Конституциялық Кеңес пен Есеп комитетінің төрағалары партиядан шығуға тиіс екенін айтты.


 Өңірлердің әкімдері партия филиалдарын басқармайтын болады.