Президенттің жарлығымен Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтен босатылды

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Шораұлы Сарыбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының бұйрығымен Қайрат Сарыбай ҚР СІМ-нің орынбасары болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті