"Біздің президент халыққа осындай жолдауын арнап, мемлекет алдында тұрған ауқымды мәселелерді көріп, оның шешу жолдарын білетін жалпы ұлттық көсем статусын дәлелдеді", - деді К. Тоқаев.
Спикер атап өткеніндей,"мемлекет басшысының жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау үшін, парламент пен үкімет бірлесе отырып кодекстер мен заңдарды талқылап қабылдау үшін, үлкен жұмыс атқаруы керек".
"Жаңа даму кезеңі салық, бюджеттік заңдарының сондай-ақ, бәсекелестікті дамыту саласында, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңдарды жетілдіруді талап етуде", - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, "азаматтардың дәулеттілігінің кепілі мен нарықтық экономиканың темірқазығы болып отырған шағын және орта бизнеске жүргізілетін түрлі тексерулер мен заң жүзінде жасалатын аккредитациялау, сертификаттау және лицензияландыру аспектілерін жеңілдетіп, ретке келтіру керек", - деп есептейді Қ. Тоқаев.
"Бұл жерде парламент сенатының сапалы заңдар қабылдаудағы жауапкершілік деңгейі жоғары деп санаймын ", - деп атап өтті ол.