Приозерск қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі жасөспірім жараланды

Үйінді астынан 65 жастағы үй тұрғынының мәйіті мен екі жасөспірім табылып, олар ауруханаға жатқызылды.

Министрліктің хабарлауынша, жарылыс РФ қорғаныс министрлігінің № 03080 әскери бөлімшесінің балансындағы үйдің 4-қабатында болған. Жарылыс салдарынан 4-қабаттағы 3 пәтердің қабырғалары, едендері мен төбелері жарым-жартылай бүлініп, тұтана бастаған.
Үйде барлығы 168 адам тұрады. Олардың бәрі де туыс-туғандарына көшірілді. Өрт бүгін, 15-қарашада 1 сағат 07 минутта сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 25 адам мен 9 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.