Бұл туралы ол Instagram Stories-те айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Сәлем, достар, қалайсыздар? Осыдан екі күн бұрын қатты приступ беріп, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір күндізгі стационарда, неврология бөлімінде ем қабылдап жатырмын. Әзірге дәрігерлердің айтуынша, ем алуым керек. Одан кейін толық тексеруден өтемін. Қан талдауын тапсырып қойдым, ертең МРТ-ға түсемін. Содан кейін ғана барып, диагноздың барлығы белгілі болады. Іздеп жатқан жандарға көп рақмет. Негізі 2016 жылдан бері осы бас бойынша ем қабылдап келе жатқан едім. Кейіннен карантиннің салдарынан елдегі жағдайға байланысты мүлде ұмытып кеттім. Содан бері 6 ай сайын қабылдайтын емді кейінге шегеріп, қазақилыққа салынып жүрдім. Басым ауырса, шәйдан, жағдайлардан көріп жүрдім. Негізі олай болмайды, бастың жөні басқа", - дейді ол.