Присяжныйлар соты алғашқы кезеңде өлім жазасы қарастырылған қылмыстарды қарауы тиіс - И.Рогов

И.Роговтың пікірінше, Қазақстанда сот ісін жүргізуде присяжныйлар сотын пайдалану үшін алдын-ала ауқымды дайындық жұмыстарын жүзеге асыру қажет. "Бірінші кезекте мұндай институтты енгізуге тергеу мекемелері мен прокуратура әзір болуы тиіс. Ал олардан қылмыстық істерді тексеру сапасын арттыру, сот процессіне қатысушы адвокаттардың ролін арттыру, қылмыстық сот ісін жүргізу аясында азаматтардың кепілдігін күшейту талап етіледі",- деді ол.