Профессор Қансейіт Әбдезұлы - «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы ректорат мәжілісінде профессор Қансейіт Әбдезұлына белгіні табыс етіп, ғалымның еңбегіне толағай жетістік, отбасына амандық тіледі. «Әр оқытушы ең алдымен мәдениетті болуы керек. Ұстаз үшін де, ғалым үшін де басты керек құндылық осы. Мәдениеттілік қайраткерлікке жол ашады»,- деп атап өтті ректор.

Өз кезегінде Қансейіт Әбдезұлы университет басшылығына, факультет ұжымына ризашылығын жеткізді. «Мәдениет қайраткері» белгісі әдебиет, мәдениет жолында жасалынып жатқан еңбектердің лайықты бағасы деп білемін. Ал ол еңбек - ұжымның бірлігімен, университет басшылығының қолдауымен жүзеге асады», - деді профессор.