"Прогресс М-53" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясында жинақталған қоқысты алып, 7-қыркүйекте Астана уақытымен 16 сағат 23 минутта станциядан ажыратылады. Ғарыш кемесі сол күні суға батырылады, делінген хабарламада.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Прогресс М-53" жүк кораблі 2005-жылдың маусым айында ұшырылған. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және жабдықтар жеткізді.
Қазір "Прогресс М-54" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол 8-қыркүйекте 19 сағат 08 минутта ұшырылып, 10-қыркүйекте 20 сағат 49 минутта Халықаралық ғарыш станциясымен түйістіріледі.
"Прогресс М-54" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясындағы 11-ші экспедиция үшін 2,5 тонна жүк, атап айтсақ, отын компоненттері, жабдықтар, ғылыми зерттеулерге арналған жабдықтар, жылу режимін қамтамасыз ету жүйесіне арналған жабдықтар, борт құжаттары, азық-түлік контейнерлері, су, ауа және сәлемдемелер жеткізеді.