17-қаңтар күні Мәскеу уақытымен 2 сағат 29 минутта оны станциядан ажырату жоспарланған. "Осы күні ғарыштық жүк кемесі тежегіш импульс берілгеннен кейін түсу траекториясына өтіп, Әлемдік мұхит айдынының үстіндегі жер атмосферасының тығыз қабатына еніп, өзінің жұмысын тоқтатады", - деп хабарлайды агенттіктен. Ғарыш кемесінің жанып үлгермеген бөлшектері 6 сағат 15 минутта құлайды деп есептелген.
18-қаңтар күні "Прогресс М-59" жүк кемесін ұшыру жоспарланған. Бүгінде аппаратты ұшыруға дайындық жұмыстары жалғастырылуда. "Прогресс М-59" Халықаралық ғарыш станциясымен 20-қаңтар күні Мәскеу уақытымен 6 сағат 03 минутта түйістіріледі деп жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті