"Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі сынақтар жүргізу үшін жаңғырықсыз камераға орнатылды

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін 2008 жылдың 14-мамырында ұшыру межеленген.

№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағына 25-наурызда жеткізілген "Прогресс М-64" жүк кемесінің жүйелеріне кешенді сынақтар жүргізілді.

"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.