"Шаруашылық субъектілерінің іс-қызметіндегі негізгі заң бұзушылық жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін сату, оларды сақтаудың шартын сақтамау болып табылады",- деп айтылған прокуратураның жұмада таратқан хабарламасын.
Атап айтқанда, қадағалау органының ақпараттарына сүйенсек, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерін сату дерегі "Рамстор Қазақстан" ЖШС іс-қызметін тексеру барысында анықталған",- деді мекемедегілер. Атап айтқанда, дүкен мерзімі өтіп кеткен "Парламент" арағын, "Чудо Пудинг" сүт өнімін, Түркияның кетчуптарын, "Домик в деревне" қаймағын, отандық йогурттар, майонездер және ерітілген ірімшіктер сатқан.
Сонымен қатар, қадағалау органының хабарлауынша, дүкенде балалар ойыншықтарының сәйкестік сертификаты жоқ.
"Үстіміздегі жылдың наурызында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы "Рамстор" ЖШС осы тектес заң бұзушылықтарға жол бергені үшін айыппұл салған болатын. Бірақ прокурорлық тексеру барысында, ғимартқа жөндеу жұмыстары жүргізілмегендігі, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімдерінің сатылуы, қойма ғимараттары қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталмағандығы белгілі болды",- деп айтылған хабарламада. Қадағалау органының мәлімдеуінше, "енді ескертуді орындамағаны үшін әкімшілік заң бұзушылық туралы іс қозғалып, іс-қызметін тоқтату туралы материалдар сотқа жіберілген".
Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, осы тектес көрініс "Айнабұлақ" ықшамауданында орналасқан "Рамсторда" да анықталған". "Сонымен қатар, бұл жерде қоймадағы азық-түлік арнайы сөрелерде емес, жерде сақталған, және де осы жерден сауда бөлімдеріне жіберіліп отырған",- деді қадағалау органындағылар.
Жетісу ауданының прокуратурасы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне кәсіпорынның іс-қызметін тоқтату туралы ұсыныс енгізген.
"Осы тектес заң бұзушылықтар азық-түлік өнімдерін сататын 61 нысанның, соның ішінде "Эльдорадо, "Грос", "Столичный", "Юбилейный", "Грос - Силк Вей Сити", "7-Я" супермаркеттер желісі" АҚ іс-қызметінен анықталды",- деп түсіндіріп өтті прокуратурадағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті